Жаңалықтар

29.08.2017

Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар! Қадірлі шәкірттер мен студенттер!

 

        Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына қатысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

        Бұл күні кешегі балалар бірінші сыныптың табалдырығын аттаса, талапкерлер зор мүмкіндіктерге ие, өз білімін үздіксіз жетілдіретін, шығармашылық жеңістерге жеткізетін, ғылыми кемелдендіретін жаңа өмірдің есігін ашып, студент атанады.

        Қымбатты балалар, сіздердің өмірлеріңізде де  жаңа кезең маңызды сәт басталады. Сіздердің табыстарыңыз ең алдымен оқу мен дамуға деген құлшыныстарыңызға байланысты.

        Қымбатты ұстаздар, заманалық қоғамның ең маңызды құндылығы баяғыдан-ақ оның азаматтарының білімділігі болып саналып, олардың шығармашылық іс-әрекетіне септеседі. Біздің балаларымыздың алатын сапалы білімі көп жағдайда сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізбен һәм қажырлы еңбектеріңізбен байланысты болып келеді. Сіздер шәкірттер мен студенттерге білім, тәжірибе беріп, ол олардың жалпыадамзаттық құндылықтарының, патриотизмнің негізі, ұлтаралық келісімге құрылған Ұлы халықтың, Ұлы мемлекеттің – Мәңгілік Елдің тарихи тағантасы болып табылады.

        Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылында көңілдеріңіз көтеріңкі болып,  алға қойған мақсаттарыңыз бойынша қызық та, жемісті еңбек, шығармашылық жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспін!

Қымбатты бородулихалықтар!

Сіздерді шын жүректен айтулы мереке – Құрбан айтпен құттықтаймыз!

 

        Құрбан айт қоғамды біріктіріп әм ынтымақтастыратын, ал жеке адамда Жаратушы жібергеннің барлығына қанағатшыл болу сезімін нығайтатын имандылыққа ұйыстыратын мереке болып табылады.

        Ислам бейбітшілікке шақырады. Біздің діни сеніміміз адамзаттың игі құндылықтарын насихаттап, зорлық пен зұлымдыққа жол бермейді. Өз мәдениетіне Исламды қабылдаған халық міне сан ғасырлар бойы оның игі қағидасын берік сақтап келеді.

        Құрбан айт мейрамы ең ізгі іс – кедейлер мен жетімдерге көмек қолын созатын мейірбандық, адамды бейбіт өмірге шақыру болып табылады. Ойға алған барша істеріңіз жүзеге асып, Бір Жаратушы қабыл етсін!

        Бородулиха ауданындағы барша мұсылман жамағатына шын жүректен бақыт пен баққуаттылық, әр отбасына амандық тілеймін!

        Біздің Қазақстан бейбітшілік пен тыныштыққа орансын!

 

Құрметті Бородулихалықтар!

 

       Сіздерді келген ең басты мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

       1995 жылы қазақ елі тарихта өз таңдауын жасап, еліміздің болашағын айқындады. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде. Әрине, осының барлығы Ұлт көшбасшысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы екенін айта кеткіміз келеді.

       Қымбатты жерлестер! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

03.07.2015

Құрметті аудан тұрғындары, баршаңызды 6 шілде – Отанымыздың жүрегі Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн. Динамикалық түрде дамып, жас астана бүкіл еліміздегі сенімділікпен өз артынан жетектеп келеді. Мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері, мыңдаған қазақстандықтардың армандары, үміттері және болашағы онымен байланысты. Аздаған уақыт ішінде Астана қазіргі заманауи әсем қалалардың бірі болып, Орта-Азия аймағы өмірінің экономикалық және мәдени орталығына айналды. Осы қаланың дамуына Қазақстан Республикасының Президенті елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі өте зор. Ұлт көшбасшысы сондай-ақ Астананы әлемнің ең дамыған 30 астанасының қатарына кіру міндетін қойды. Қазірдің өзінде осы теңдесі жоқ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның экономикалық даму қарқыны қажетті тұғырнаманы қамтамасыз етті деп айтуға болады. Астана әлем астаналарының қатарында танылды. Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз Қазақстан Республикасының ігілігі жолында жаңа жеңістер тілейміз!

23.06.2015

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Тәуелсіздік алғаннан бері Президентіміз Н.Назарбаевтің бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайы үздіксіз даму жолына түсті. Қазақстанның осындай жетістіктерге жету жолында мемлекеттік қызметшілердің еңбегі де ерекше екенін ешкім жоққа шығармайды. Олар өз міндеттемелерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің егеменді, тәуелсіз, демоктариялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосты.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Барлығыңызды Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер ауданымыздың, өңіріміз бен еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айнала отырып, Сіздер Елбасымыздың сарабдал саясатын іске асыру бағытында тер төгіп отырсыздар. Отанымыздың жарқын болашағы, еліміздің игілігі үшін атқарар барлық еңбектеріңіз жемісті болсын. Отбасыларыңызға береке-бірлік, тыныштық және жақсылық салтанат құрсын. Дендеріңіз сау болып, жетістіктен жетістікке жете беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан полициясы күні

 

Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.

23 маусым жылда Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. Ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде осы саланың барша қызметкерлерін Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасың өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті детабысты болғай!

 

01.05.2015

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары! 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір шанырақтын астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Мереке құтты болсын

29.08.2013

Қадірменді аудан тұрғындары!

Биыл қазақстандықтардың тікелей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Республика Конституциясына он сегіз жыл толады. Сондықтан да баршаңызды 30 тамыз күнгі еліміздің басты құжаты Конституция күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Конституцияның даму тарихын саралағанда оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарға қаншалықты кепілдік бере алатындығына айрықша назар аударамыз. Өйткені, Коституция ең жоғары заңдық күші бар құжат ретінде бүкіл халықтың атынан қабылданды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Коституциясының: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…», – деп басталуы тегіннен-тегін емес. Түпкі мақсатымыз – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, Қазақтың ұлы болып өркендеуіне жол ашу. Болашақ ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.

Қымбатты жерлестер! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілейміз!

 

Құрметпен: Г.Акулов, Бородулиха ауданының әкімі, «Нұр Отан»  ХДП АФ төрағасы

У.Майжанов, Аудандық мәслихаттың хатшысы

06.03.2013

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

Осынау көркем мерекесенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер! Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, зор денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

 

Г.Акулов, Бородулиха ауданының әкімі

30.11.2012

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

Биыл барша қазақстандықтар ел болып Республикамыздың Тұңғыш Президентінің күнін атап өтуде. 1-желтоқсан – қазақ тарихында алтын әріптермен жазылатын тарихи күн.

Қазақ елі егемендігін алып, бүкіл әлемге Тәуелсіздігін паш еткен тұста ел тізгінін қолына алып, қазақ жұртын жарқын болашаққа жетелеген, ата-бабаларымыз аңсап өткен асқақ армандарын ақиқатқа айналдырған Егемен елді жаңа бақыттың шыңына шығарған қазақтың маңдайына біткен асыл перзенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Өтпелі кезеңде халқын өрге сүйреген, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың ірге тасын қалап, саясатта сара жол салған дара тұлға.

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні ретінде қазақ тарихында мәңгілікке қалары сөзсіз.

Құрметті жерлестер, сіздерді барша қазақстандықтар үшін маңызды мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға бейбітшілік, амандық пен бақыт тілейміз. Егемен еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

 

Г. Акулов, Бородулиха ауданының әкімі